Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән апталығы » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 541-21-918
Есепші бөлімі:
+7(72) 541-21-918
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән апталығы
12
февраль
2024

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән апталығы

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән апталығының ашылуы⚜️
     🏢Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты "Абылайхан атындағы N2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  12-17.02.24ж күндері Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай  АӘТД пән мұғалімі Е.Қауынбаевтың жетекшілігімен "Ер есімі - ел есінде" тақырыбында алғашқы әскери және технологиялық дайындық пән апталығының ашылу салтанаты өтті.
     Таңертең мектеп кіреберісінде ұлттық құндылықтарды паш ететін, ұлттық киімдегі оқушылар апталықтың ашылуына сән бергендей. Одан әрі әр бір адамның бойына патриоттық сезім ұялататын киімдері мен іс-әрекеттері арқылы ашылу керемет өтті. Сонымен қатар ашылу салтанатында ұстаздарымыз  Тир атып, мергендігін сынаса, ал  10-сынып оқушылары автоматтарды  уақытқа жартылай бөлшектеп, шашып, қайта жинау шеберліктерін көрсетті.  
Апталықтың ашылуы жоғарғы дәрежеде өтілді.