15
январь
2024
Спорт - денсаулық кепілі
Бүгін 15.01.2024 ж күні Абылайхан атындағы ЖББМ КММ-нің
"Спорт - денсаулық кепілі" атты дене шынықтыру пәні апталығының ашылуы салтанатты түрде өтті. Апталықтың іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Ашылу салтанатында дене шынықтыру пәні мұғалімдері мектептің ұстаздарын кіре берістен күтіп алып, сұрақ-жауап ұйымдастырып,
кубик лақтыру арқылы кімге қандай ойын түссе,
сол ойынды ойнатып ұстаздарымызды бір сергітіп, керемет көңіл-күй сыйлады.
Апталық
15.01.2024 - 19.01.2024 ж күндері аралығында өткізіледі. Апталық бірінші күні жоспарға сәйкес, 8-сынып оқушылары арасында 

эстафеталық сайыс өткізілді. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, өздерінің жігерліктерін, жеңіске деген ұмтылысын көрсете білді. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі
І орынды 8"Б" сынып,
ІІ орынды 8"А" сыныбы және
ІІІ орынды 8"Ә" сыныптары иеленді.
Әріптестерге шығармашылық табыстар тілейміз.
Бейнеролик