БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАН
Бүгін "Абылайхан атындағы N2 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 26 ақпан -1 наурыз күндері аралығында өтіп жатқан ән-күй пән апталығының аясында 2 "В" сынып оқушыларымен "Біз бақытты балдырған" атты іс-шара болып өтті. Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. Іс-шара барысында түрлі билер биленіп, тақпақтар оқылып, әндер шырқалды.