Білім алушыларды оқыту мен оқу үдерісіне қызықтырудың тиімді қадамдары » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 541-21-918
Есепші бөлімі:
+7(72) 541-21-918
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім алушыларды оқыту мен оқу үдерісіне қызықтырудың тиімді қадамдары
31
январь
2024

Білім алушыларды оқыту мен оқу үдерісіне қызықтырудың тиімді қадамдары

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты " Абылайхан атындағы N2 жалпы білім беретін мектеп"  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне серіктес мектеп "N31 Береке жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 29 ақпан күні  "Білім алушыларды оқыту мен оқу үдерісіне қызықтырудың тиімді қадамдары" тақырыбында аудандық жетекші және серіктес мектептер арасындағы өңірлік семинар өткізілді. Семинар концерттік бағдарламамен басталды.
    Семинардың мақсаты: Білім алушылардың үдеріске қызығушылығын арттырудың түрлері қадамдарын пайдалану арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Семинарда  2 "Ә" сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен зерттеу сабағын  А.Турсова, 5 "Ә" сыныбында  жаратылыстану пәнінен зерттеу сабағын   Л.Намазбаева, 6"Ә" сыныбында  ағылшын пәнінен Қ.Қолдасбаева және   9 "Ә" сыныбына қазақ тілі пәнінен  Н.Турагелдиева  кіріктірілген сабақтар өткізді. 
      Қорытынды бөлімінде семинарға қатысушылар  осы мұғалімдердің өткізген сабақтарына  өз  ойлары және пікірлерімен бөлісіп, оң бағаларын беріп, осы мұғалімдерді марапаттауға ұсынды. 
Семинар жоғары деңгейде өтті. Мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз.