БАЛА КҮЛКІСІ - ӘЛЕМНІҢ КӨРКІ » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 541-21-918
Есепші бөлімі:
+7(72) 541-21-918
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БАЛА КҮЛКІСІ - ӘЛЕМНІҢ КӨРКІ
28
апрель
2022

БАЛА КҮЛКІСІ - ӘЛЕМНІҢ КӨРКІ

Бүгін Абылайхан ЖОМ бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Балалар жылына" арналған керемет іс-шара өтті.
   Мақсаты: Мереке күні балаға қуаныш сыйлай отырып, балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына, келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
  Қ.Р. Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылды - "Балалар жылы" деп жариялады. Мұндағы мақсат - өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Президент өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз"- деп баса айтты.
  Өскелең ұрпақ - ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына, ең алдымен тағылымды тәрбие мен сапалы білім ықпал етеді. Яғни бала тәрбиесі мемлекет идеологияның маңызды бір саласы іспеттес. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылды "Бала жылы" деп жариялауының да түп- төркіні осында жатыр. Ел Президенті "Балалар жылын" жариялап, өскелең ұрпақтың жақсы өмір сүруі мемлекеттің басты міндеті екенін атап өткен болатын: "Біз өскелең ұрпақты жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек. Балалар - мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік іс-шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы тиіс. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы - біздің жалпыұлттық міндетіміз" деді мемлекет басшысы. 
  Бүгінгі іс-шараны 4"А" сыныбы "Жастар" күйін тартумен басталды. 1"Ә" А.Бақытжан "Өмір-ай", 1"В" сыныбы Р.Ержанұлы "Мен қазақпын", 1"А" сынып Е.Асқарбек "Мен қазақтың ұлымын", 1"В" сынып Ә.Әліпбай "Анашым, қартаймашы", А.Оразбек "Біз бакытты баламыз", 3"Б" сынып Б.Мұхтар, А.Мұхтар "Ұстаз", 1"Ә" сынып Д.Зарип "Алғыс" әндерін орындады. 1,2,3,4 сынып оқушылары спорттық флэшмоб биледі. 1-сынып оқушылары достық, ынтымақ, бірлік жайлы тақпақтарын айтты. 3-сыныптар "Мандала" арт-терапиясын өткізді. 4"А" сынып оқушысы С.Еркінбек оқушылар атынан бүгінгі іс-шарамен "Балалар жылына" арналған ақ тілегін айтты. 
  МААӘДБ-нің әдіскері Т.Қыдырбаева мен Б.Дербес қуттықтау сөз сөйледі.
  Мектеп директоры А.Джулдибеков пен ДОІЖО І.Есмағаева "Ғажайып қоржын" әуе шарларын көкке ұшырды. Оқушылар жазып келген арман, мақсаттарын жазып, қоржынға салды. 
  Сонымен қатар, қазір рамазан айында кез келген адам сауап жасауға асық екені баршамызға аян. Мектептегі шығармашылыққа бейім, бүгінгі іс-шараларға белсене қатысқан әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына, мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалпы 64 балаға демеушілер тарапынан дайындалған сыйлықтар тарту етілді. 
  Шара соңында бастауыш сыныптың 354 баласына балмұздақтар үлестірілді.
  Ата-аналар ризашылықтарын білдіріп, жақсы тілектерін жаңбырша жаудырды.