Дене шынықтыру » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 541-21-918
Есепші бөлімі:
+7(72) 541-21-918
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2018

Дене шынықтыру

«Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Салауатты өмір біздің болашағымыз дейді Абылайхан мектебі. 2010 жылдан бері дене шынықтыру пәні мұғалімі Т. Утелов оқушыларды жаттықтырып, жарыстарға дайындап, үйірме жұмысын тиянақты жүргізіліп келеді. Оған дәлел Утелов Талғат ағайымыз Оңтүстік Қазақстан облысының біріншілігінде «Үздік жаттықтырушы» дипломымен ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ә Нұртаевтің марапаттады. Соның нәтижесінде қыздарымыз аудан, облыс көлемінде жақсы ойын көрсетіп, жүлделі орындар иеленіп жүр. 2017-2018 оқу жылының өзінде волейболшы қыздарымыз бірнеше жарыстарға барып, жүлделі орындармен марапатталып келді. Атап айтсақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Алтын күз» тақырыбында қыздар арасында волейболдан өткізілген жарыста қыздарымыз жүлделі ІІІ орын жеңіп алды.

Мақталы ауылдық округінің 60 жылдық мерейтойына орай аудан көлемінде қыздар арасында өткізілген жарыста қыздарымыз І орынды жеңіп алды.

Мақтаарал ауданының 90 жылдығына және 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік» атты ұранмен өткізілген қыздар арасындағы жарыста аудан бойынша «Абылайхан қыздар» командасы жүлделі ІІ орынды иеленіп келді.

Дене шынықтыру сабағына ерекше көңіл бөлу қажет. Себебі дене шынықтыру жаттығуларын жай ғана үйреніп қана қоймай спортпен үздіксіз үзбей шұғылданған бала күшті, батыл, икемді, төзімді, сымбатты да сұлу болады.

Болашақта еліміздің намысын қорғайтын атақты спортшылар да осындай балалардан шығады.

 

Дене шынықтыру

 


 

 

Скачать документ/Көшіру  maala.pdf [71,07 Kb] (cкачиваний: 12)
Посмотреть онлайн файл: maala.pdf