Әдістемелік кеңес туралы » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 541-21-918
Есепші бөлімі:
+7(72) 541-21-918
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
ноябрь
2018

Әдістемелік кеңес туралы

Әдістемелік кеңес туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы бөлім

1.1. Мектептің Әдістемелік кеңесі – бұл педагогикалық қызметке шығармашылық тәсілді қалыптастыруға жағдай жасайтын, оқу үдерісіне әдістемелік қолдау жасайтын мектепішілік педагогикалық алқалы орган.

1.2. Әдістемелік кеңес тәжірибелі педагог-кәсіпқойлардың консилиумы болып табылады, оқу-тәрбие үдерісінің аса маңызды блоктарына әдістемелік құзіретті ықпал етеді, оның дамуына талдау жасайды, осы негізде оқыту және тәрбиелеу әдістемесін жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлейді.

1.3. Әдістемелік кеңес педагогикалық бастаманың дамуына жағдай жасайды және бұл бастаманы одан ары таратуды жүзеге асырады.

1.4. Бұл Ереже мектептің педагогикалық кеңесі бекітетін мектепішілік жергілікті акт болып табылады.            

2. Әдістемелік кеңестің мақсаттары мен міндеттері

2.1. Басымдыққа ие педагогикалық проблемаларды анықтау және тұжырымдау, оларды ойдағыдай шешу үшін бүкіл педагогикалық ұжымның шығармашылық күш-жігерін жұмылдыруға жағдай жасау.

2.2. Мектептің әдістемелік жұмысын стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру.

2.3. Мұғалімдердің педагогикалық бастамасын көрсетуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға жағдай жасау.

2.4. Педагогикалық қарым-қатынасты ынтымақтастықтың адамгершілік ұстанымдарына құратын, оқу-тәрбие үдерісінің педагог-ұйымдастырушысы ретіндегі мұғалімнің педагогикалық өзіндік санасын қалыптастыруға жағдай жасау.

2.5. Мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық дайындығын жетілдіруге жағдай жасау:

а) ғылыми-теориялық;

ә) әдістемелік;

б) ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын;

в) педагогикалық шеберлік тәсілдерін.

3. Мектептің Әдістемелік кеңесінің міндеттері мен құқықтары

3.1. Мектепке енгізуге ұсынылған педагогикалық инновацияларға сараптамалық баға беруді, оларды іске асыру кезінде қажетті әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыру.

3.2. Дирекцияның шақыруы бойынша педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауға қатысу.

3.3. Педагогикалық кеңестердің отырыстарында қарау үшін ұсыныстар дайындауға белсене қатысу.

3.4. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, олардың Әдістемелік кеңес мүшелері қатысқан сабақтарына талдау жасау.

3.5. Мектепішілік әдістемелік бақылау өткізуге қатысу, бұл үшін қажетті әдістемелік құралдар жасау.

4. Мектептің Әдістемелік кеңесінің құрамы және ұйымдық құрылымы

4.1. Мектептің Әдістемелік кеңесінің құрамына мектептегі педагогикалық қызметкерлердің өкілдері кіреді:

а) пән мұғалімдері неғұрлым білікті педагогтардың ішінен бір жыл мерзімге сайлайтын пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері; сайланған мұғалімдерді мектептің педагогикалық кеңесі бекітеді;

ә) мектеп педагогтарының ішінен сайланған аудандық пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, уақытша және тұрақты шығармашылық топтардың жетекшілері.

4.2. Әдістемелік кеңес қажет болған кезде бұл топтардың төрағаларын Әдістемелік кеңес құрамына біріктіре отырып, әдістемелік жұмыстың әр түрлі бағыттары бойынша уақытша шығармашылық-бастамашылық топтарын құрады.

5. Мектептің Әдістемелік кеңесінің мектепішілік басқару органдарымен өзара әрекеттестігі

Әдістемелік кеңес және мектеп әкімшілігі

1. Мектеп әкімшілігі Әдістемелік кеңестің тиімді дұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды, оның шешімдерін орындауға жәрдемдеседі, оның педагогикалық ұжымдағы беделін нығайтады.

2. Мектеп әкімшілігі Әдістемелік кеңес мүшелерінің әдістемелік жаңалықтарды енгізуге қатысты құзіреттілігін арттыруға жәрдемдеседі.

3. Әдістемелік кеңес мектеп әкімшілгіне әдістемелік жұмысты жолға қоюға, педагогикалық ұжымда шығармашылық ахуал жасауға көмек көрсетеді.