Сабақ жоспары » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 541-21-918
Есепші бөлімі:
+7(72) 541-21-918
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2018

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам.

Мектеп: Абылайхан ЖОМ

Мерзімі:

Мұғалім: Канайова Н

Сынып: 6

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Материктер мен мұхиттар

Оқу мақсаттары

6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады;

материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін жоспар бойынша сипаттай алады

Бағалау критерийлері

1. Материктердің физикалық географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттауды үйренеді

2. Материктердің физикалық географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттайды

3. Материктердің физикалық географиялық жағдайына қорытынды шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Материктердің физикалық географиялық жағдайын жоспар бойынша сипаттай алады

Материктердің физикалық географиялық жағдайына қорытынды шығара алады.

Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады.

Пәндік лексика және терминология:

Экваторға, нөлдік меридианға, тропикке қатысты орны;

шеткі нүктелері,

физикалық-географиялық жағдайы

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Материк солтүстіктен оңтүстікке......................................................

Материк батыстан шығысқа..............................................................

Материк солтүстігінде/оңтүстігінде/батысында/шығысында............. шектеседі.

Материктің физикалық-географиялық жағдайы ......................... деп қорытынды шығара аламын.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ академиялық шындықты, коллаборативті ортаны қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бір-бірін құрметтеуге, сыныптастарының пікірін тыңдауға, санасуға, қорытынды жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика – географиялық координаталарды табу барысында.

Алдыңғы білім

5-сыныпта оқушылар материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттаған. 5.2.6.1 материктер мен дүние бөліктерін игеру және зерттеу тарихын сипаттау – оқу мақсаты бойынша.


Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-7

8-9

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сынып тазалығын тексеріп, түгендеп, сабаққа назарын аудару.

Сынып ішінде жағымды атмосфера орнату. Оқушыларды топтарға біріктіру: Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия.

Топқа бөлу: «Адасқан әріптер» әдісі арқылы топтастырамын. А4 парағына әріптер үсынылады, сол әріптердің ішінен материктердің атын табу арқылы 4 топқа топтасады.

Ұсынылатын елдер:

Евразия – Қазақстан, Франция, Сауд Арабиясы, Жапония, Австрия т.б.

Солтүстік Америка – Канада, Мексика, Куба, АҚШ т.б.

Оңтүстік Америка – Аргентина, Чили, Эквадор, Колумбия т.б.

Африка – Замбия, Алжир, Египет, Конго Демократиялық республикасы т.б.

Австралия – Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Тасмания т.б.

2. Ой қозғау:

Бүгінгі сабаққа байланысты бейне баян көрсету арқылы оқушылардың ойын тындау арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламын

3. Мақсатты тұжырымдау

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау.

Тақта, маркерлер, үлестірме қағаздар

 

Презентация,

1 слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

https://www.youtube.com/watch?v=lvA71KoeMv4

 

Сабақтың ортасы

10-16

 

 

 

 

 

 

 

 

17-30

 

 

 

 

 

 

31-34

 

 

35-37

 

 

4. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Материктердің физикалық-географиялық жағдайына жоспар бойынша сипаттама беру:

ü Материк атауы және ауданы

ü Материктің экваторға, нөлдік меридианға және тропикке қатысты орналасуы

ü Шеткі нүктелері мен олардың координаталары

ü Материктің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылуы (км-мен)

ü Материк жағалауларын қандай мұхиттар мен теңіз сулары шайып жатыр

ü Материк қандай климаттық белдеулерде орналасқан

ü Басқа материктерге қатысты орны

ü Қорытынды шығару

Антарктида материгі мысалында жоспарды оқушылармен бірге талдау.

5. Білімді бекіту

Топтық жұмыс. Әр топ (Евразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Австралия) өз материктерін берілген жоспар негізінде талдап, ақпараттарын постерге түсіреді.

Бағалау.

Дескрипторлар:

ü материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтайды;

ü жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін сипаттайды;

ü материктердің физикалық географиялық жағдайына қорытынды шығарады

«Маршурт» әдісі арқылы. Әр топ өзінің постерлерін тақтағағы Стикерге бағасын, ұсынысын жазып, постерге қалдырады.

Кері байланыс беру. Барлық топ бағалаудан кейін өздеріне берілген бағаларды оқып, өз жұмыстарына қорытынды пікірлерін білдіреді. Мұғалім барлық топ жауаптарын, жұмыстарын тыңдап кері байланыс береді.

5. Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім мемлекеттерді дауыстап айтады, ал оқушылар: «Евразия – секіру, Солтүстік Америка - отыру, Оңтүстік Америка – 2 қолдарын жоғары көтеру, Африка - оңға-солға иілу, Жауап жоқ/білмеймін – орнынан тұрып 1 рет айналу»

Мемлекеттер: Барбадос, Ангола, Азербайжан, Венесуэла, Вьетнам, Парагвай, Үндістан, Сальвадор, Венгрия, Гвинея, Ұлыбритания, Кения.

Презентация

2-слайд

Атлас 6,7 сынып

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация,

3-слайд, Қосымша 2-4

Постер, маркерлер,

А4

Стикер, қаламдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация,

4-слайд

Сабақтың соңы

37-40

Қорытындылау: бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады.

8. Рефлексия «Сөздер бұлты»

Бүгін мен білдім......

Маған ..........қиын болды

Мен ............. екенін түсіндім.

Мен ............жасай алдым

Мені ..............таң қалдырды

Үй тапсырмасы: Әр топ мүшесі өз материгінің шеткі нүктелері мен материк шекарасын картаға түсіру.

Презентация,

5-слайд

Әр оқушы осы сөз тіркестерінің кез-келгенін таңдап, ауызша жауап береді.

 

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Төмен қабілетті

Орташа қабілетті оқушылар

Жоғары қабілетті оқушылар.

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Қолдау көрсету:

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар

Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады.

(Дифференциацияны елдерді бергенде қолдануға болады, яғни ауданы үлкен, сәйкесінше ақпараттар оңай табылатын елдерді әлсіз топтарға т.с.с)

Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:

· Жауабы дәлелді болса;

· Жоспар бойынша толық орындалса;

Ауызша жауаптары толық болса.

6. Топтық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім мемлекеттерді дауыстап айтады, ал оқушылар: «Евразия – секіру, Солтүстік Америка - отыру, Оңтүстік Америка – 2 қолдарын жоғары көтеру, Африка - оңға-солға иілу, Жауап жоқ/білмеймін – орнынан тұрып 1 рет айналу»

 

 

 

 

 
 
СКАЧАТЬ/КӨШІРУ 

Zharatylystanu-6-synyp-6.1V-alam.-Zher.-Adam.-Materikter-men-mhittar.-MZh-5.doc [256 Kb] (cкачиваний: 20)
Посмотреть онлайн файл: Zharatylystanu-6-synyp-6.1V-alam.-Zher.-Adam.-Materikter-men-mhittar.-MZh-5.doc