Абылайхан жалпы орта мектебі » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 541-21-918
Есепші бөлімі:
+7(72) 541-21-918
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абылайхан жалпы орта мектебі
02
май
2016

Абылайхан жалпы орта мектебі

 

 

 


 

«Абылайхан  атындағы  жалпы орта  мектебі» мемлекеттік 

мекемесі туралы қысқаша мәлімет


    «Абылайхан  атындағы  жалпы орта  мектебі» мемлекеттік  мекемесінің негізі 1935 жылы Мақтарал аудандық  «Славян»  атындағы  орта мектеп  болып  ашылған. 1947 жылы «Славян» аудандық  мектебіне  А.С. Пушкин аты  беріліп,  «А.С. Пушкин»  атындағы орта мектебі 1967 жылы екіге  бөлініп, бірі  «А.С. Пушкин» атындағы, екіншісі  «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы орта мектеп  болып  бөлінеді. Яғни,  «Октябрьдің  50 жылдығы» атындағы  орта мектеп  «А.С.Пушкин»  атындағы  орта  мектептен бөлініп  шықты.

        Қазіргі  жаңа  мектепке  1976  жылы  көшірілді. 1991 жылдан  бастап   «Октябрьдің  50  жылдығы»  аты  өзгеріп «Абылай  хан  атындағы  орта  мектебі» мемлекеттік  мекемесі  болып  қайта   аталды. Орналасқан жері ОҚО, Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті, Қожанов көшесі н/з.

      

      1. 2010 жылы ағымдық жөндеу  жүргізіліп мектептің  шатыры  толығымен  ауыстырылды. Шатырды  ауыстыруға  кеткен    16 500 000 теңге (он алты миллион бес жүз мың) теңге қаржы  бөлінген.

    2. 2013 жылы  ағымдық жөндеу жүргізіліп, жылу  жүйесі  жаңа  котельный  салынды.  КТГ-550   екі    қазандық   қойылды,  батереялар,  трубалар  толығымен  ауыстырылды. Жылу  жүйесін  ауыстыруға  16 000 000 теңге (он алты миллион) теңге  қаржы  бөлінген. Қазіргі жағдайда мектептің жылу жүйесінің жұмыс істеу жағдайы жақсы.                         

     3. Күрделі  жөндеу  қажет, ғимараттың  ішкі-сыртқы  қабырғалардың  сылағын түсіріп  қайтадан  сылақ  жасау,  есік-терезе  және  едендердің тозығы жеткен қайтадан  толығымен  ауыстыру  қажет. Сыныптардың  еденін  жаңалау, дәліздердің   едендерін  стяжка   жасау  қажет.

      4. Электр  жүйелері  мен  электр  щиттері   ескірген,  жаңалау  қажет.  39 оқу  кабинеттері  бар. Спорт зал бар, мәжіліс  залы бар  100 орындықпен, шеберхана, зертханалардың  жағдайы  орташа, барлығы  жөндеу  қажет  етеді  

      5. 2016 – 2017 оқу жылына мектебіміз күрделі жөндеуден өту жоспарына енгізілген.

 

 

"Абылайхан атындағы  жалпы орта мектебі”  коммуналдық мемлекеттік

мекемесі ауысым саны, оқу кабинеттері, спорт зал, мәжіліс

залдары туралы мәлімет

 

Мектеп оқушылары екі ауысымда оқытылады.

1 ауысымда -  1-11 сынып – 594 оқушы .

МАДТ-3 топ  – 58 бала

ІІ ауысымда – 2-4 сынып  107 оқушы оқуда.

Жалпы оқушы саны – 759 

 

 

Кабинеттер туралы мәлімет


Сынып кабинеттері және зерітханалар - 39

 

Олардың ауданы ш.м - 2133,0

 

 

Похожие публикации:

03 май 2016 4 сынып
03 май 2016 3 сынып
03 май 2016 2 сынып
03 май 2016 1 сынып
18 ноябрь 2020 Мұғалімдер
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 1919 Вперед