Мектеп туралы мәлімет » Страница 24 » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 541-21-918
Есепші бөлімі:
+7(72) 541-21-918
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп туралы мәлімет
01
апрель
2021

Мектеп туралы мәлімет



«Абылайхан атындағы жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің негізі 1935 жылы Мақтаарал аудандық «Славян» атындағы орта мектеп болып ашылған.1947 жылы «Славян» аудандық мектебіне А.С. Пушкин аты беріліп, «А.С. Пушкин» атындағы орта мектеп болып,1967 жылы екіге бөлініп, бірі «А.С. Пушкин» атындағы, екіншісі «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы орта мектеп болып бөлінеді. Яғни, «Октябрьдің 50 жылдығы» атындағы орта мектеп «А.С.Пушкин» атындағы орта мектептен бөлініп шықты. Қазіргі жаңа мектепке 1976 жылы көшірілді. Сол 1967 жылдан 1982 жыл аралығында мектепке Айдар Касымович директорлық етті. 1982-1984 жылдар арлығында Маханов Оңғарбай мектеп директорлығын алып барды. 1984-1989 жылдары Ленник Геннадий Николлаевич директор болды. 1989-1995 жылдар аралығында Байниязов Келденбай директорлық қызметті алып барды. 1991 жылдан бастап «Октябрьдің 50 жылдығы» аты өзгеріп «Абылай хан атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. 1995-2011 жылдары Құрбанбаева Шахзада Оразбекқызы осы мектеп ұжымын басқарды. 2011-2021 жылдарып Абилов Бауыржан Үмбетәліұлы «Абылайхан атындағы  орта мектебі» мемлекеттік мекемесін басқарды. 2021 жылы Джулдибеков Абдурахман «Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебі» мемлекеттік мекемесін басқарып келеді. Мырзакент қалашығындағы «Ю.А. Гагарин» атындағы бастауыш мектеп 1998 жылы 25 мамырда Абылай хан орта мектебінің филиалы болып біріктірілді. Мектептің алғашқы жылдарындағы еңбек еткен мұғалімдері: Мырзахметова Райхан апай мен Женсікбаева Шахар Яхудақызын айтуға болады. Мырзахметова Райхан апайдың «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ», «ӘДІСКЕР МҰҒАЛІМ», Женсікбаева Шахар апайдың «ЕҢБЕКТЕ ҮЗДІК ШЫҚҚАНЫ ҮШІН», «АҒА МҰҒАЛІМ» т.б. марапаттауларын атауға болады. Дәл осы күндері аты аталған ұстаздар құрметті демалыста. Марқұм ұстаздарымыз М.Атымтаева «ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ», «АЛҒЫС ХАТ» ауданнан, облыстан, Мақтарал ауданының 80 жылдығына байланысты «АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ», Ж.Сеңгірбаева «ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» атты марапаттарға ие болған. Осы жылдар ішінде мыңдаған оқушы білім алып, Қазақстанның, ТМД елдерінің, шет елдердің түрлі қалалары мен елді мекендерінде, түрлі салаларда, кәсіпорындарда қызмет етіп келеді. Мысалы: Семей цемент заводының директоры М.Тамбетов, «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі М.Әлібаев, ОҚО телеарнасының жүргізушісі Э.Тұрлыбек, Мырзакент қалашығы орталық ауруханасының перзентхана бөлімінің бастығы Алма Батырханова, қалашық әкімі Ердешов , кәсіпкер Жұмабаев Қаппар т.б. Қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, сабақ үрдісінің жаңа әдіс –тәсілдерімен жаңа технологияларды насихаттап келе жатқан мектебіміздің мақтанышы, ҰБТ – ден оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен Г.Әбдраманова (биология), Р.Смағұлова, Ф.Байырбекова ( қазақ тілі мен әдебиеті), Ж.Тұяқбаев пен М.Сағындықов (тарих), М.Абилова, Б.Аликулова (математика), Д.Ақмырзаева, А.Артықбаева (ағылшын тілі),Ж.Жолдасова (химия), А.Мұсабекова (физика), Ж.Қожабекова, Ш.Сарбасова (орыс тілі), онлайн жүйесінде сабақ өтуде және үздік флипчарт М.Сайдмұратов, Б.Мырзагелдиева, Е.Жанисов т.б. мұғалімдерді атауға болады. Мектепте 1995 жылдан бері Ж.Катешов пен З.Уалиеваның жетекшілігімен халық аспаптар оркестрі жұмыс істеп келеді. Оркестр аудандық, облыстық, республикалық деңгейде марапаттарға ие болған. Сонымен қатар мектепте әртүрлі үйірме жұмыстары қолға алынған. Атап айтсақ О.Мамбетовтің «Жас суретші» үйірме мүшелері М.Андаев, Н.Сапарханов, Г.Ысқақ, Б.Мөрбеков және т.б оқушылар «Әлем балалар көзімен» байқауында жүлделі орындарды иеленді. Мектептің оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлап, оқушылардың білім деңгейінің жоғары болуына, сабақ барысында заман талабына сәйкес дәрістердің өтілуіне тікелей ықпал ететін директор орынбасарлары М.Утегенова, А.Мұсабекова, Н.Айқынбаева, Р.Шалабаева және Р.Абдымомыноваларды атауға болады Мектеп бітірушілері ҰБТ-ден жыл сайын жақсы нәтижелер көрсетіп келеді. Мектептің ҰБТ бойынша орта балы 2004-2005 оқу жылында -56, 2005-2006 оқу жылында-54,7, 2006-2007оқу жылында -67,1, 2007-2008 оқу жылында 64,5, 2008-2009 оқу жылында 67,5 құрады. Сонымен қатар:2003-2004 оқу жылында Ж.Ералиева -110 балды жинақтап «Үздік аттестаты» ақтады. 2004-2005 оқу жылында Ш.Қадырбаев-116 балл, Д.Ералиева-110 балл жинақтап «Үздік аттестаты» ақтады, Д.Жұматаев -107 балл жинап, «Алтын белгі» иегері болды.2006-2007оқу жылында Б.Алмасбекова -108 балды жинап «Алтын белгі», Ж.Бабаханова, М.Джумабекова, С.Алмаева «Үздік аттестатқа» ие болды. 2009-2010 оқу жылы мектеп үшін табысты болды. Жалпы мектеп бойынша ҰБТ-ден орта көрсеткішіміз 92,9 балды құрады. Мектеп бітірушілері Тұрғараев Бақдәулет, Өтегенов Айдынбек «Алтын белгі» белгісімен, Ысқақ Қажымұқан, Бюраев Бақытжан, Қуатбекова Гүлнар, Артықбаева Сымбат «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Мектепте 2005-2006 оқу жылдарында мұғалімдер саны-111, соның 76-ы жоғары білімді, 33-і орта арнаулы, 2-уі аяқталмаған жоғары, 20- жоғары санатты, 26 – бірінші санатты, 46 – екінші санатты, сабақ жүктемесі 17,8. 2006-2007 оқу жылында мұғалімдер саны - 113, соның 78 –і жоғары білімді, 33-і арнаулы білімді, 22- сі жоғары санатты, 25 – бірінші санатты, 45 -екінші санатты, сабақ жүктемесі – 18,2. 2007-2008 оқу жылында мұғалідер саны – 105, соның 90 – жоғары білімді, 15-сі орта арнаулы, 18-і жоғары санатты, 24-і бірінші санатты, 53-і екінші санатты, сабақ жүктемесі – 18,8. 2008-2009 оқу жылында мұғалідер саны – 115, соның 103 – жоғары білімді, 12-сі орта арнаулы, 18-і жоғары санатты, 27-і бірінші санатты, 59-і екінші санатты, сабақ жүктемесі – 18,4. 2009-2010 оқу жылында жалпы мұғалімдер саны 105, соның 98 - і жоғары білімді, 7 - і орта арнаулы, 18 - і жоғары санатты, 30 - ы бірінші санатты, 29 - і екінші санатты, сабақ жүктемесі – 18,5. Осы оқу жылының наурыз айында Мырзакент қалашығында жаңа мектептің ашылуына байланысты 1100 оқушының 356 – ы, 105 мұғалімнің 30 – ы жаңа мектепке ауыстырылды. 2010-2011 оқу жылында жалпы мұғалімдер саны 75, соның 73 - і жоғары білімді, 2 - і орта арнаулы, 8 - і жоғары санатты, 30 - ы бірінші санатты, 29 - і екінші санатты, сабақ жүктемесі – 18,5. Осы оқу жылында мектебімізде 754 оқушы білім алуда. Мектептегі психологиялық ахуал жақсы деңгейде. Мектеп ұжымы аудандағы алдыңғы қатардағы ұжымдардың бірі болып саналады. Аудандағы тірек мектептерінің санатына қосылған ( бастауыш сынып, математика, бейнелеу, ән- күй, іс – қағаздары мен құжаттары). 2004-2005 оқу жылында «Өлкетану» мұражайы ашылды. Мұражай тарихи экспанаттарға бай. 2007-2008 оқу жылында «Кіші ғылым академиясы» бойынша, облыс көлемінде өткен оқушылардың ғылыми жобаларын қорғау байқауында 11 «Б» сынып оқушысы А.Утегенов (тақырыбы: «Мырзакент өңіріндегі егіздердің туылу жиілігі») ІІ дәрежелі дипломның иегері атанды. 2009-2010 оқу жылында 7 сынып оқушылары «Зерде» ғылыми жобалар сайысында облыстық деңгейде Құдайқұлова Айдана (тақырыбы: «Бақбақ өсімдігінің емдік қасиеті»), Республикалық деңгейде Алхаров Абылайхан (тақырыбы: «Шешендік өнер тарихы») ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектептің оқу – техникалық базасы жылдан – жылға заман талабына сай жабдықталып келеді. Мектепте 3 информатика, 1 мультимедиалық, 1 физика, 1 химия кабинеттері, 5 интербелсенді тақта бар. Б.Абилов - өзі басқаратын ұжымында, ауыл, аудан көлемінде беделді басшы. Біздің педагогикалық ұжым келешекте бұдан да биік белестерге шығып, жас ұрпақты ұлтжанды, отанын сүйетін саналы ұрпақ тәрбилеуде – қажір қайратын, білімін аямайды.

Похожие публикации:

11 май 2016 Оқушыларға
03 май 2016 1 сынып
18 ноябрь 2020 Мұғалімдер