Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Абылайхан атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі
26
март
2019

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

Қазақстан– түркі әлемінің алтын бесігі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігіне аса назар сала отырып, төл тарихымызды жетік меңгеру және қадірлей білу, елдің болашағының мызғымас кепілі, басымдығы екендігін ерекше атап көрсетеді. Ұлы даланы ұлықтау – киелі іс, кемеңгерлік қасиет. Елбасымыздың бастамасымен қайта дүниеге келген Мәңгілік ел мұратының да негізгі өзегі – Ұлы дала елін түркі халықтарының ата-жұрты ретінде қабылдауға негіздеу, тамыры терең ұлттық мәдениеттің сақталуын және дамуын қамтамасыз ету аясында 2019 жылдың19-ақпанында Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінде орналасқан «Абылайхан атындағы №2 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Қазақстан-түркі әлемінің алтын бесігі» атты аудандық семинар болып өтті. Іс-шараға Мақтаарал аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен аудан мектептерінің директорлары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Аудандық әдіскерлер қорытындылай келе, іс-шараны жоғары деңгейде бағалап және облыс көлемінде өтуге ұсыныс жасады. 15-наурыз 2019 жылы мектебімізде «Қазақстан – түркі әлімінің алтын бесігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Түркістан облысының білім департаментінің әдіскерлері мен облыс көлеміндегі аудандық мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинардың мақсаты – Ұлы қазақ даласының өткен тарихын жаңғырту, ұлттық құндылықтарымызды және қасиетті жәдігерлерімізді насихаттау. Біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жахандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Ұлы даланың жеті қырының бірі «Атқа міну мәдениеті» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігі өздерінің дайындаған мәліметтері мен көріністерін ұсынды.

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 

Қазақ ұлы даласы – ежелгі металлургияның Отаны. Металды балқытып, одан бұйым жасауды ата-бабаларымыз осыдан сан мың ғасыр жыл бұрын меңгерген. Оны археологтар қаншама құнды жәдігер тауып, ғылыми тұрғыда дәлелдеп келеді. «Ұлы дала ежелгі металлургия» тақырыбында физика-информатика бірлестігі өздерініңдайындаған жұмыстарын көрсетті.

 

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 

Біздің бай тарихымыз бар. Ұлы даланың рухани байлығының айшықты белгісі –аң стилі. Бүкіл әлемді тамсандырған дала өркениетінің жәдігері. Аң стилі табиғатпен адамның түбегейлі жарасымын дәріптейді. Қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігі «Аң стилі» тақырыбында дайындаған мәліметтері мен көріністерін көрсетті.

 

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі


Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. «»Алтын адам» тақырыбында тарих бірлестігі жинақтаған материалдарын көрсетті.

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 

Ұлы Жібек жолы – адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрын ІІ ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болды. Бұл жол –ғасырлар бойы өзі қамтыған елдер мен халықтардың экономикасының, мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында көрініс көрсету арқылы география және ағылшын тілі пәні бірлестіктері кеңінен мағлұмат берді.

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 

Ұлы даланың жеті қыры біздің жерімізде пайда болған мәдени жетістіктер, қазақ ұлтының этногенезі мен зерттелуінің уақыты келгенін айтады. Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыда дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне тараған. «Қазақстан- алма мен қызғалдақтың Отаны» тақырыбында биология бірлестігі өздерінің дайындаған жұмыстарын көрсетті.

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 

Кез-келген халық ру, тайпа, ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы VІ ғасырдың ортасында басталды. Түркілік мұра, ұлттық тарихымызға шолу жасай отырып, «Түркі әлемінің бесігі» тақырыбында математика бірлестігі кеңінен мағлұмат беріп, семинарды қорытындылады.

 

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 

Түркістан облысы білім департаментінің әдіскері іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Бірлігі жараскан мектеп ұжымына алғысын айтып, алғысхатқа ұсынатынын жеткізді.

 

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 

Қазақстан – түркі әлемінің алтын бесігі

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив