Өзін өзі тану » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 541-21-918
bookkeeping:
+7(72) 541-21-918
Version for
visually impaired
14
февраль
2017

Өзін өзі тану

МӘЛІМЕТ

02.02.2017ж. күні сағат 12.30-да Өзін-өзі тану пәнінің "Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу 5-10 сыныптар аралығында АКТ залында болып өтті. Ашылу барысында Өзін - өзі тану пән мұғалімі Ж. Шекербекова Шаттық шеңберін құра отырып, оқушылармен бірге жақсы тілектерін білдіріп, оқушылар да өз өнерлерін көрсетті.

03.02.2017ж күні сағат 11.00-де кітапханашы Ш.Егембаева және Ж.Пирманова апайларымыз "Мерейін төккен ана" тақырыбында кітап көрмесін жасады.

04.02.2017ж күні 13.30-да Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері 6-8 сынып оқушылармен бірлесіп өткізген "Жүректен жүрекке" атты қайырымдылық қоры үшін жәрмеңке ұйымдастырылып, оған окушылар өз қолдарымен жасап келген қолөнер бұйымдарын көрмеге ұсынды.

06.02.2017ж күні сағат 10.40-да Н.Шарипова апайымыз 5 "Ә" сыныбымен "Отбасы жарастығы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ж.Шекербекова сағат 15.00-де 5-7 сыныптар арасында "Ән көңілдің ажары" атты музыкалық кеш ұйымдастырып, кешке қатысқан А.Байсейтова, А.Қуандық, Д.Атабек, Д.Серікова, Н. Сақтағанов және т.б оқушыларымыз қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

07.02.2017ж күні сағат 10.35-те Н.Шарипова мен бастауыш сынып жетекшілерімен бірге "Ана, әлем, қайрымдылық, достық" тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырылған. Көрмеде 4 "А" сынып оқушылары Шарапбай Аяулым мен Сатыбалды Рамазанның салған суреттері ерекше деп бағаланды .

08.02.2017ж күні сағат 13.20-да Ж.Шекербекованың 6"А"сыныбымен "Күн шуағын төкен жан" атты тақырыбында Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген ашық сабағы болып өтті. Сағат 15.00-де 2-6 сыныптар аралығында "Мейірімді ана" тақырыбында сурет сайысы болып өтті. Сайыс соңында оқушыларымыз Л.Жақсыбайқызы, Н.Үсен және А.Мырзагелдиеваның суреттері ерекше деп бағаланды.

09.02.2017ж күні сағат 11.25-те "Ақиық ақын" Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысында оқушыларымыз А.Абильдаева, А.Серік, А.Бейсенбай белсенділік танытты.

10.02.2017ж күні сағат 12.25-те 6-8 сынып оқушыларының арасында "Анама рахмет" тақырыбында эссе жазды. Нәтижесінде эссені 7 "Ә" сынып оқушылары М.Абсамат пен А.Абілдаева және 7 "Б" сынып оқушысы А. Асет талапқа сай етіп жазған.

11.02.2017ж күні сағат 14.00-де 2-5 сынып оқушылар арасында "Бақытты балалық шақ" тақырыбында көңілді спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Жарыс барысында оқушылар қашықтыққа жүгіру, арқан тартысу және эстафеталық ойындармен жарысты.

13.02.2017ж күні өзін-өзі тану пәні бойынша онкүндіктің жабылу салтанатына сағат 13.15-те 1-11 сынып оқушыларымен "Күлкі - өмірдің мәні" тақырыбында концерттік бағдарламада өткізілді. Бағдарлама соңында апталыққа қатысып белсенділік танытқан оқушыларға сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталды.
 

Өзін өзі тану

Өзін өзі тану


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 41 Вперед