01
февраль
2024
Алғыс айту
Еліміздегі көктемнің алғашқы күні «Алғыс айту» мерекесімен басталады. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық.
Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын.
«Абылайхан атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп» Education Department of Kerbulak districtнің 5- сынып оқушылары «Алғыс айту» күніне орай мерекелік іс-шара өткізді.
Мерекелік іс-шарада оқушылар өз ата-аналарына, ұстаздарға, жора жолдастарына алғыстарын білідіріп, мерекелік құттықтауларын жасады. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдері қазақ еліне ризашылықтарын, білдіріп, алғыс айтты.