2017-2018 оқу жылы » Страница 62 » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 541-21-918
bookkeeping:
+7(72) 541-21-918
Version for
visually impaired
04
февраль
2018

2017-2018 оқу жылы

Кәрілік – дауасыз дерт. Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсету адамгершіліктің ең жоғарығы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болмасын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр.

Қарттар-біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Қазіргі кезде қарттарға көп көңіл бөлініп, жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуінде, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір сүруіне өз үллестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.

Бір ауыз жылы сөз, жылы ілтипат қарт адамдарға қаншалықты шексіз қуаныш әкелетінін әркімде жақсы түсінеді. Үлкендерімізге көңіл бөліп, хал-жағдайларын сұрап тұрғаннан артық бақыт жоқ екенін ұмытпайық.

Қазақ қашанда қазыналы қарттарын құрметтеген «Туған елінің туын биік ұстауға мақсат тұтқан Елбасы әрқашан еңбектеген баладан, еңкейген қарттарына дейін ұлықтауды ұлы дәстүрге айналдырып, өскелең буынға ұлағат етіп келеді.» Қарттарын ардақтай білген елдің рухы үстем, шаңырағы биік деп атап көрсетеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шындығында да өсетін елдің өнегелі ұрпағы дария теңіз қариясын құрметтеп, кейуанасын сыйлауды әрқашан өмірлік қағида тұтқан. Ендеше «Үйдегі қарияң-жазып қойған хатпен тең», демекші қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем. Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған егемен еліміз алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрметтеуді даму баспалдақтарында басымдыққа айналдырып келеді. Бүгінде елордамызда дамыған елдердің кез келгеннің қолы жете бермейтін әлеуметтік қамқорлық шаңырақтары бар. Соның бірі- Астана қаласының «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» қамқорлық және қызмет көрсету жағынан ТМД мемлекеттерінің ішінде теңдесі жоқ.

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттілігін аяMayтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын , тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі-үлкенді сыйлау оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық аузы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып , «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қазақ қашанда қарттарын сыйлаға халық. Осы өмірде барлық адамдардың әкесі, аталары бар. Әкеге қарап ұл өсер, деген мақал бекер айтылмаған. Бала әкеге қарап өседі. Әке не істесе, ертеңгі күндерде баласы есейіп жігіт болған кезде әкесінің ісін қайталайды.

Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атамыз мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жараMayды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуғаға да моралдік құқығы бар. Бұл моральдік құқығын құрметтей білу керек. Кімде кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе ата-әжесі секілді қымбатты қонағы болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт берекесі деп санасақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әрқашанда да бақытты.

Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындаMayтын, әдептілік, кішіпейілдік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүргеніне ұялмаған ұрпақтан не опа, не қайыр? Адамның өмірінің мәнісі сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі- баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттарды қадірлей білейік !

Мырзакент кенті

Абылайхан мектебі -

Директордың инновация ісі бойынша орынбасары: Сейітова Бибігүл