Parents » Абылайхан ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының
білім бөлімі
"Абылайхан атындағы №2 жалпы
білім беретін мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 541-21-918
bookkeeping:
+7(72) 541-21-918
Version for
visually impaired
11
May
2016

Parents

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері 1. Мектепттің қоғамдықөміріне қатысуға; 2. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы. 3.«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті. 1.Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге; 2.Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға; 3.Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға; 4.Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға; 5.Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға; 6.Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге; 7.Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға; 8.Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға; 9.Parents арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға; 10. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге; 11. Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға; 12. Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге; 13. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға; 14. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті. Parents қойылатынмектептің ішкі тәртіп ережесі 1.Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті. 2.Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс. 3.Ата-ана баласын мектеп формасымен,екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты. 4.Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс. 5.Мектептегі іс-шараларға 6 жасқа толмаған балаларды әкелуге тыйым салынады. 6.Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады. 7.Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады. 8.Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс. 9.Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді. 10. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады. 11. "Болашақ мектебі-бүгін" жобасы аясында енгізілген оқушы куәлігіне ата-ана ай сайын төлем төлеуге міндетті.(Себебі оқушы мектептен кіріп-шыққаны туралы смс хабарлама түседі)

Похожие публикации:

18 November 2020 Teachers